$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысынан қару-жарық табылды

AstanaTV
24.03.2022ж. 20:00
1628
Жамбыл облысынан қару-жарық табылды

Жамбыл облысынан  қару-жарақ табылды. Полиция департаментінің ақпаратынша, ол жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған болуы мүмкін. Күдіктілердің көлігін тінту кезінде «Вепрь» маркалы екі мылтық, 1 тапанша және дүрбі, автоматтың оқ салғыш қорабы мен  оқ-дәрілер  тәркіленді.  Қазір бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу   жүріп жатыр.  Жалпы  облыс аумағынан  26 қару, 400-ден астам түрлі калибрлі патрон мен арнайы құралдар табылған.   Қару-жарақтар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адамның, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді.

Б. Жұмабайұлы