$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды

AstanaTV
24.03.2022ж. 20:00
1508
Қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді. Бұл жолы заңсыз қызметті ұйымдастырушы Шымкент қаласында өзінің арам ойын жүзеге асырған.  Қаржы мониторингтік агенттігінің хабарлауынша, күдікті "GAP" өндірістік кооперативінің атын жамылған. Әдеттегідей тұрғындардың сеніміне кіріп, баспана, көлік алуға қаржылық көмек көрсету туралы келісімшартқа отырған. Сондай-ақ,    еліміздің туристік аймақтарына саяхаттау, косметика, құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектер сынды түрлі тауар сатып алуға қатысты жалған қызмет ұсынған. Қазіргі уақытта күдіктінің кім екені анықталып, сот шешімімен «қамауда ұстау» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Егер оның қылмысы дәлелденсе,   мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Айта кетейік, бұған дейін GАР кооперативі ретінде жұмыс істеген қаржы пирамидасы Қостанайда да анықталған. Қаржы мониторингтік агенттігінің дерегінше кооператив филиалдары Қазақстанның басқа да ірі қалаларында жұмыс істеген.

А. Бердибеков