Ақмола облысында 125 елдімекенді су басу қаупі бар. Төтеншеліктер «Атбасар, Астрахан, Аршалы және Целиноград аудандарына қатер жоғары», - дейді. Қазір бұл аймақтарда тасқынның алдын алу шаралары күшейтілген. Мамандар қызыл судың қаупін сейілтуге күш салуда. Бұған дейін өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізіліп, қалың қар сыртқа шығарылды. Елдімекендердің ішкі жолдары тазаланып, негізгі қауіпті аймақтар бақылауға алынған.
Оразбай СӘЛМЕНОВ, ҚЫЗЫЛСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Табиғат тосын мінез танытып, ауа райы күрт өзгерген жағдайда техника сақадай сай, қажетті жанар-жағармай қоры жеткілікті дейді жауаптылар. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша қазір өңірде тасқынға қарсы дайындық жұмыстарының екінші кезеңі жүріп жатыр. Сақтық үшін 300-ден аса эвакуациялық орын әзірленген.
Олег МАЛЮК, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Ақмола облысының аумағында 53 елді мекенде су өткізу арналары қалпына келтіріліп, бөгеттерге нығайту және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Су өткізу құбырлары тазаланды. Су айдындарындағы сеңдерді азайту мақсатында мұз жару жұмыстары жалғасуда. Елдімекендерден 700 мың шаршы метрге жуық қар шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.
Ә. Бердібеков