$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қиғаш өзенінің таязданып кеткеніне балықшылар алаңдаулы

AstanaTV
25.03.2022ж. 20:00
1778
Қиғаш өзенінің таязданып кеткеніне балықшылар  алаңдаулы

Қиғаш өзенінің таязданып кеткеніне атыраулық балықшылар алаңдаулы. Олардың айтуынша, өзен арнасын тез арада тереңдетпесе,  Каспий теңізіне шығу мүмкін болмай қалады.

Бұл -  Қиғаш өзенінің Новинск учаскесі. Балықшылар  теңізге шығу үшін қайықты бірнеше метр жерге  дейін сүйреп апаруға мәжбүрміз,- дейді.   Өйткені судың тереңдігі  тізеге де жетпейді.  Олардың айтуынша,  арнаны  тереңдету жұмысына миллиардтап қаржы бөлінгенімен,  нәтиже жоқ. Мұның соңы экологиялық апатқа апарады деп дабыл қағуда. Ал жергілікті билік өкілдері Қиғаш өзенінің бұл учаскесін  тереңдету жұмыстары әлі жүргізілмеген.  

Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол балықшылар көрсетіп тұрған участокте бұрын-соңды тереңдіктер жүргізілген жоқ.   Ол жұмысты соңына қалдырып тұрған себебі бірінші мына жақты қазып алып жатыр бас жағын. Себебі ананы ашып жіберсе,  бүкіл құм құйылады. Сол себепті бітеліп қалу қаупі бар,-деген сияқты оймен.  Этаппен жүріп,  2 метрден артық тереңдікке дейін қазылады да  сол жұмыстар жүргеннен кейін балықтардың былай-былай өтуіне,  корабльдердің өтуіне кішкене мүмкіндіктер жасалады.

Б. Надірқызы