Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Павлодарда көрпе, жастық тігумен айналысатын «Қазақ соқырлар» қоғамы өнімдерін өткізе алмай отыр

AstanaTV
25.03.2022ж. 20:00
1073
Павлодарда көрпе, жастық тігумен айналысатын «Қазақ соқырлар» қоғамы өнімдерін өткізе алмай отыр

Павлодарда көрпе, жастық тігумен айналысатын «Қазақ соқырлар» қоғамы өнімдерін өткізе алмай отыр. Тауарға берілетін сертификатты жыл сайын жаңарту қиындық тудырған. Қоғам мүшелерінің айтуынша,  құжатты рәсімдеудің машақаты көп, тіпті оны алу үшін  жыл сайын ақша төлейді. Бұл онсыз да шаруасы шатқаяқтаған тігін цехының жұмысын тұралатып жіберді дейді. Салдарынан мемлекеттік сатып алуларға да қатыса алмай қалғандарын айтады.  Өңірден-Өзгеріс Қуанар.

Павлодардағы тігін шеберханасында тұрмысқа қажетті тауардың 30 түрі дайындалады. Көрпе, жастық, жұмысшы киімдері  арнайы тапсырыспен тігіледі. Бұрын олар  өнімді ікелей келісім шарт арқылы сататын. Бірақ, биыл  мемлекеттік сатып алу туралы заңына  енгізілген өзгерістер  кәсіпорын жұмысын тұралатып тұр дейді.  

Арынғали БЕРДИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ «ҚАЗАҚ СОҚЫРЛАР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатыса алмай отырмыз. Шикізатты шетелден сатып алатындықтан, біздің тауарымыз қымбатқа түседі. Ал тендер жарияланған кезде кім бағаны аз ұсынады, сол ұтып алады. Ал біздің бәсекелестеріміз тіпті өнімді де өндірмейді. Қытайдан тауар әкелетін делдалдар.
 
Салдарынан кәсіпорын өз өнімін  нарыққа өткізе алмай отыр. Бұдан бөлек    тауарға жыл сайын куәлік алу да қиындап кеткен. Бұл да қып-қызыл ақша – дейді.   

Ораз БАЙҒОЖИН, ПАВЛОДАР ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

Сертификат дәлелдеу деген ол жұмысы бірінші қиын, екінші ол қаражат та керек. Қайтадан ұзарту үшін эксперт керек. Экспертті шақырту керек оған төлеу керек договор жасап. Сосын қанша тексеруге жіберу керек ол да уақыт.


Ал өңірдің кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің айтуынша, куәлік алудың еш қиындығы жоқ. Барлық жұмыс электронды портал арқылы жүзеге асырылады дейді. Сертификаттың құны 2 АЕК көлемінен аспайтынын айтады.  

Александр ВЕРВЕКИН, ПАВЛОДАР ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Тауар түрін үш жылдан артық уақыт өндіріп келе жатқандарын дәлелдеу үшін, өтініш беруші негізгі құжаттармен қоса жыл сайын «СТ-КЗ» үлгідегі сертификатын көрсетуі керек. Шикізатты сатып алған шот-фактурамен оның үш жылдан бергі бағасы өзгермегенін дәлелдейтін құжатты да ұсынуы қажет. Ал шикізат бағасы жыл сайын өзгеріп отыратыны белгілі.  

Десе де, өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпорынға өнімдерді өткізуге қолдау көрсетуге әзір екендерін жеткізді. Жарнама агенттіктері арқылы да ақпараттық демеу жасамақ.   

Ө. Қуанар