Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

АЭС Балқаш немесе Шығыс Қазақстан облысында салынуы мүмкін

AstanaTV
25.03.2022ж. 20:00
1087
АЭС Балқаш немесе Шығыс Қазақстан облысында салынуы мүмкін

Қазақстанға атом электр станциясын салуы мүмкін 4 елдің аты белгілі болды. Энергетика министрлігі қазір Қытай, Оңтүстік Корея, Франция және Америкамен бірнеше жоба талқыланып жатқандығын мәлімдеді. Олардың айтуынша, барлығының қуаттылығы ұқсас. Тек технологиялық мүмкіндіктері, экологиялық ерекшеліктері салыстырылуда. Нақты шешім әлі қабылданбаған.  Ал оны салу үшін Балқаштың Үлкен ауданы немесе  Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы қарастырылып жатыр.   

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:


Бірақ қалай болса да қосымша зерттеу жұмыстары керек. Бұны бүкіл тұрғындармен, адамдармен келісу керек. Есеп, модель жағынан сол жұмыс аяқталмаған. 2030 жылға қарай аяқталу керек құрылыс.


Т. Әлжанов