Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Барлық реформа ашық әрі кең талқылануы қажет», - сарапшы

AstanaTV
25.03.2022ж. 20:00
1205
«Барлық реформа ашық әрі кең талқылануы қажет», - сарапшы

"Президенттің өкілеттілігін шектеу – жаңа олигархияның пайда болуына жол бермеу". Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауын талқылаған Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары осылай деді. Басқосуға қатысқандар Жолдауда көтерілген көппартиялы жүйе мен пікірлер плюрализмін дамыту үшін заңнамалық деңгейде нақты алғышарттар жасалып жатқандығын мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл барлық партияға билік үшін күресте, сайлаушылармен жұмыс атқаруда нағыз бәсекелестік кезеңі болмақ. Ал саяси реформалардың нәтиже беруі үшін уақыт керек дейді.  

Самат НҰРТАЗА, САЯСАТТАНУШЫ:


3 облыстың өзі, қателеспесем, бірнеше ай керек оның ашылуына. Кейбір сарапшылардың айтуы бойынша, маусым-шілде айлары деп айтылып жатыр. Сондықтан да саяси реформалар болады, олар істелінеді, бірақ оған тек қана шыдам керек. Менің ойымша, осы жылдың аяғына дейін біз әжептәуір нәтиже көреміз деп есептеймін.  


Сарапшылар барлық реформа ашық әрі кең  талқылануы қажет деп есептейді. Оған үкіметтік емес ұйымдар, партиялар өкілдері мен қоғам белсенділері қатысып, пікір білдіргенін құптайды. Сонда ғана халықтың жағдайын жақсартатын реформалар жүзеге асатынын айтады.

Аян САКОШЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІСІ:

Жеке бір мемлекеттік органның кабинетінде, жеке мемлекеттік ұйымның аясында ғана емес, ашық түрде талқыланса, онда ол пісіп, жетілген реформалар болады деп ойлаймыз. Өйткені ол жерде әртүрлі тарап өкілдерінің ойлары, пікірлері ескерілуі қажет. Сол кезде бүкіл халыққа, қоғамға жағатын, тиімді басқарушы шешімдер пайда болады деп ойлаймыз.

Т. Әлжанов