Жемқорлық жайлаған жоғарғы оқу орындарының тізімі жарияланады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді. 28-31 наурыз аралығында Жастар Қоғамдық саясат институтымен бірлесіп «Taza Sessiya» акциясы өткізеді. Басты мақсат - жоғары оқу орындарындағы жемқорлық фактілерін анықтау. Бейне үндеуде шараға ел бойынша 60-тан астам жоғарғы оқу орнымен 30 мыңға жуық студентті қамтылатыны айталған. Барлығы анонимді форматта өтетін болады.
Т. Әлжанов