Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мобильді топ өкілдері шалғайдағы ауыл тұрғындарының мәселесіне құлақ түрді

AstanaTV
28.03.2022ж. 20:00
827
Мобильді топ өкілдері шалғайдағы ауыл тұрғындарының мәселесіне құлақ түрді

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Есетбатыр ауылында жалғасты. Мобильді топ өкілдері құрамында партияның  республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің мүшелері, аймақтың басқарма басшылары да бар. Олар шалғайдағы елді мекеннің мәселесін көзбен көріп, оны шешу жолдарын бірге қарастырды. Халық жылдар бойы қордалаған мәселелерін жауаптыларға тікелей жеткізу мүмкіндігіне ие болды.

Зартай Есмахановтың көз жанарынан айырылғанына 32 жыл болған. Жалғызбасты әке 4 баласын 6 жылдан бері өзі жеткізіп келеді. Бұған дейін де партияның шарапатын көріп келемін дейді ол. Ал бүгін республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің мүшелері, зағип жанның үйіне арнайы келіп, жағдайымен танысты. Ұсыныс, тілектерін тындады.

Зартай ЕСМАХАНОВ, ЕСЕТ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«AMANAT» партиясынан келген кісіге үйдің жағдайы ғой, қолдан келсе материалдық көмек берілсе. Қазір қымбатшылықтың уақыты ғой бәрі. Соны айттық. Мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасын көріп, жағдайын көріп, жай-жапсарын көріп келіп жатқан азаматтарға, партиядан келіп жатқан азаматтарға рахмет.

Есет батыр ауылында екі мыңнан аса тұрғын бар. Онда ауызсу құбыры ескіріп, күрделі жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар, жол салу мәселесі де шемімін таппай отыр.  Ал көшелерді жарықтандыру жағдайы тұрғындардың шымбайна әбден батқан. «Ол балалардың қауіпсіздігі үшін маңызды» дейді ауыл тұрғындары.  

Гүлсім ЖАХАНОВА, ЕСЕТ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

13 көше бар ауылда. Сол көшенің үшеуінде жарық бар. Қалған 10 көшеге жарықтандыру жұмысы жүргізілсе деген сұрақпен бүгінгі келген кісілерге осы ұсынысыммен кірген болатынмын. Жауап алдым. Осы көшелерді жарықтандыруға өз көмектерін беріп, келешекте тапсырма орындалатындығына сендірді.

Жарықтандыру мәселесі биылдан қалмай шешімін табатын болды. Екі көшеге аудандық бюджет қаржысына шамдар орнатылса, қалғаны демеушілер есебінен реттелмек. Осылайша, бірнеше жыл тұрғындарды толғандырған түйткілдің түйіні тарқады. Қоғамдық қабылдаулардың негізі мақсаты да осы.

Азамат БІРЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізбен бірге партия мүшелері, басқармаларың басшылары бірге келіп отыр. Азаматтардың сұрақтары осы жерде шешілетін болса осы жерде шешеміз. Болмаса, қайтадан облыс орталығына барып шешуге мүмкіндігіміз жарап отыр. Бұл науқан емес, кешенді жұмыс. Науқан деген – акция. Ал бұл жұмыс жалғаса береді. Осы күнге дейін 70-ке жуық мобильді қоғамдық қабылдау өткізіп тастағанбыз. Оған шамамен 1500-ға жуық азаматтар жазылған болатын.

Еліміз бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өткен жылы 175 мың, биыл 2 айда 25 мыңға жуық шағым келіп түскен. Ал Қызылорда облысынан 800-ден астам тұғын өтініштерін жолдаған. Соның 60 пайызы оң шешімін тапқан.

М. Тоқтасынқызы