$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Қызылорда облысындағы Қамбаш демалыс орны мұз құрсауында қалды

AstanaTV
30.03.2022ж. 20:00
3081
Қызылорда облысындағы Қамбаш демалыс орны мұз құрсауында қалды

Қызылорда облысы  Қамыстыбас елді мекеніндегі Қамбаш демалыс орны мұз құрсауында қалды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қатты жел тұрып, көл бетіндегі мұзды жағаға ығыстырған.

Тұрғындар мұндай жағдай бұрын соңды болмағанын айтады. Олар   картадан жоғалып кету қаупі төніп тұрған  көлдің толғанына риза. Бірақ   табиғи апат кәсіпкерлерге едәуір шығын әкелді. Туристік аймақ   саналатын демалыс орнындағы   нысандарға  зиян келген.

Ескендір ЖОЛДЫБАЕВ, ҚАМЫСТЫБАС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

50-60 метр жерлерге мұз қара жермен сырғанап барып үйлерге соққан. Демалыс орнына құрған жарықтардың темір бағаналары құлаған. 2-3 үй ракушкадан тұрғызылған ғой, солардың қабырғалары құлаған. Сосын ағаштан істелген көлеңке беседкалар  сынған.

 
Бауыржан ІЗБАСАРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы судың жағасындағы 23 жұмыс орны орналасқан. Сонымен қатар, бұл құрылыстардың заң шеңберінде соғылған жағдайда өтеу мәселесі қаралуы мүмкін. Заңсыз болса, өтеу берілмейді.

Төтеншеліктер күн жылып, мұздың өздігінен еруін күтеміз дейді. Жағдай  әрі қарай ушығып кетпес үшін, қазір  су арнасын бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақты шығын көлемі есептелуде.   

М. Тоқтасынқызы