Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«AMANAT» партисының "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мониторинг жұмыстары басталды

AstanaTV
30.03.2022ж. 20:00
1250
«AMANAT» партисының "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мониторинг жұмыстары басталды

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мониторинг жұмыстары басталды. Науқан жылдың аяғына дейін жалғаспақ. Жоспар бойынша биыл бір ғана Қостанай облысында 259 нысанның мүгедектерге қолжетімділігі тексерілмек.

Қостанай қаласының орталығында орналасқан дәріхана талапты өрескел бұзған. Онда зағип жандарға арналған жолақтар мен брайль қарпімен жазылған нұсқаулар жоқ. Ғимараттағы жеке кабинеттердің есігі тар, табалдырығы биік. Арбаға таңылған адамдардың бұл жерге өтуі тым қиын.   

Асылан ДАБЫЛОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бірінші нысан бойынша ескертулер болды. Дәріханада мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергі келтіретін жайттар анықталды. Мекеме басшылығына осы олқылықтар мен кемшін тұстарды түзету үшін уақыт берілді.

Сол сияқты Павлодарда да мәслихат депутаттары халық көп жиналатын мекемелерді аралап көрді. Біраз олқылықты анықтаған.  Мәселен халыққа қызмет көрсету орталығындағы дәретхана мүгедек жандарға қолайсыз салынған. Күніне мыңға жуық адам келетін орталықта небәрі 2 ғана дәретхана бар. Оның өзі стандартқа сәйкес салынбаған екен. Әсіресе, мүгедек жандардың қол арбамен кіріп шығуына тіптен ыңғайсыз. Дәртехана іші тар. Қол жуатын орындар тым биік орналасқан.

Гүлнәр ҚАЙДАРОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Бұрын салынған ғимараттарда ондай талап болмады. Біз бұны жақсы түсінеміз. Бірақ, дәретхана секілді орындарды заманға сай қайта жабдықтау керек. Мүмкінділігі шектеулі жандарға барлығы да қол жетімді жағдайда болу керек.


Теннис орталығындағы жуыну бөлмелері де талапқа сай емес. Душ қабылдайтын крандар тым жоғары орналасқан. Яғни, мүмкінділігі шектеулі жанның өздігінен жуынуына еш жағдай жоқ. Депутаттар мекеме басшыларына олқылықтарды тез арада түзетуге кеңес берді.

Александра ШАРОНОВА, «ҚОЛ ЖЕТІМДІ ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Барлығы ғимаратты салу кезінде дұрыс жоба жасамаудан болған. Ал жаңа салынған нысанды қабылдап алған тексерушілер де бұған көз жұма қараған. Салдарынан мүгедек жандар зардап шегуде.

Депутаттар мекеме басшыларына олқылықтарды тез арада түзетуге кеңес берді. Дегенмен арнайы мониторг кезінде мүгедектердің жағдайын жасап қойған мекемелерде кездесті. Қостанайдағы қалалық нөмірі төртінші емханадан бақылаушы топ еш кедергі байқамады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың келіп-кетуіне, кіріп-шығуына барлық жағдай қарастырылған. Қол арбадан бастап жедел сатыға дейін қолжетімді. Айта кетейік жыл басынан бері аймақтағы сегіз нысанның кемшін тұстары анықталып, белгілі уақытта түзетпегені үшін 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

Сырым НӘСИ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бақылау нәтижесінде сол үш жүзден астам объектінің 62-сі немесе 22 пайызы ғана толыққанды қолжетімділікпен  қамтамасыз етілгенін  айта өтем. Бұл шын мәнінде объект басшыларының  нормативті дұрыс түсінбеуінен бе? Немесе қолжетімділікті қамтамасыз еткілері келмегендіктен  деп айтуға болады.


Айта кетейік жыл басынан бері Тобыл өңірінде сегіз нысанның кемшін тұстары анықталып, белгілі уақытта түзетпегені үшін 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

Ө. Қуанар