Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Нотариус толық цифрлық форматқа өтті

AstanaTV
30.03.2022ж. 20:00
984
Нотариус толық цифрлық форматқа өтті

Қағазбастылықтан арылу үшін, тағы бір қадам жасалды. Республикалық нотариаттық палата толықтай электронды форматқа көшті. Бұл туралы палата төрайымы бүгін БАҚ өкілдерімен кездесуде хабарлады. Әсел Жанәбілованың айтуынша, жаңа жүйе халыққа ыңғайлы болмақ. Азаматтарға құжаттарды үнемі алып жүру қолайсыз. Әрі жоғалтып алу немесе бүлдіріп алу қаупі бар. Одан бөлек цифрлық формат қажетсіз жол жүруден құтылуға мүмкіндік береді деп қосты. Айта кетейік, бұл меселені бұған дейін Әділет министрлігі де көтерген болатын.

Әсел ЖАНӘБІЛОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НОТАРИАТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Заң аясында нотариуспен дайындалған электронды құжаттың, қағаз жүзіндегі құжаттар сияқты салмағы болады. Мысалы, сенімхатты бір қаладан екінші қалаға жеткізу қажет. Тұлға сенімхатты куәландыру үшін нотариусқа жүгінеді. Нотариус сенімхатты электронды түрде рәсімдейді оны ортақ базаға енгізеді. Басқа қаладағы нотариус оны кәдесіне жаратады. Бұл халыққа өте ыңғайлы болмақ.

Ә. Дүкембаева