Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

ЖОО-да жемқорлыққа қатысты сауалнама жүргізілді

AstanaTV
30.03.2022ж. 20:00
1057
ЖОО-да жемқорлыққа қатысты сауалнама жүргізілді

Жоғарғы оқу орындарында сессиясын парамен жабатындар бар. Мұны студенттер мойындайды.  "AMANAT"-тың жастар қанаты мұрындық болған "Таза сессия" акциясына бүгін Қызылорда мен Павлодар облыстарындағы студенттер қатысты. Сауалнамада: Сессияны жабу үшін пара беріп көрдің бе?, Жатақханадан орын алудың жеңіл жолдары бар ма? Әскери кафедраға өз біліміңмен қабылдандың ба? сынды бас-аяғы 29 сұрақ бар. Қатысушылардың жауаптары анонимді сақталатыны ескертілген.

Қорқыт ата атындағы университеттің студенттері, замандастары арасында емтиханды жеңіл жолмен жабуға асығатындар бар екенін айтады. Бүгін олар "AMANAT"-тың жастар қанаты ұйытқы болған "Таза сессия" анонимді сауалнамаға бір кісідей ат салысты. Осылайша жоғары оқу орындарындағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жолын кесуге ат салысу азаматтық міндетім деп санайды.  

Ақбота ШӘМШИЕВА, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:


Мұндай сауалнамалар рейтинг арқылы қай жақта сыбайлас жемқорлық болады соны шығарып береді және сол арқылы жұмыс жасалады деген ойдамын. Басқа оқу орындарында естуім бар, басқа қалалардан.

Қаладағы екі жоғарғы оқу орындарында өткен шараға жалпы саны 600-ге жуық студент қатысты. Сауалнамаға университет қабырғасында оқитындардың барлығы жұмылдырылған.  

Медет ЖОРАБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Әскери кафедра, жалпы емтихандар барысы, жатақханаға орналасу білім ақысы деген секілді арнайы пункттер көрсетілген. Осы пункттердің негізінде арнайы статистикалық мәліметтер шығатын болады. Нәтижелердің барлығын сұрыптай келе сәуір айының аяғында арнайы қорытындысы шығып, ұлттық статистика және білім министрлігіне арнайы ақпараттар ұсынылатын болады.

"Таза сессия " акциясы Павлодардағы Сұлтанмахмұд Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте де жалғасты. Білім алушылардың айтуынша, дәстүрге айналған бұл акцияның жемісі аз емес. Сондықтан жалғасын тапса екен дейді.

Оразхан ДӘРІБАЕВ, С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Таза сессия акциясы жылына 3-4 рет өткізілетін акциялардың бірі болып табылады. Осының алдында бірінші семестр желтоқсан айында өзіміз бір рет тағы да өткіздік университет қабырғасында жүріп «Жас Отан» белсенділері болып. Енді, міне, тағы да болып жатыр. Алла жазса, келесі жылдың басына қарай тағы да істелініп отырады бұл акциялар.

Былтырғы жылдың нәтижелері - көз қуантар емес. Жоғары оқу орындарындағы жемқорлық фактілері азаймай тұр. Бұл акция осының алдын алу мақсатында, сессия алдында арнайы өткізіледі дейді ұйымдастырушылар.

М. Тоқтасынқызы