"AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Қазақстандағы Германия елшісі Моника Иверсенмен кездесті. Тараптар саяси ынтымақтастық жайын талқылады. Кездесу барысында Асхат Оралов, Германия - Қазақстанның Еуропадағы негізгі әріптестерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ «AMANAT» партиясының XXII Съез қорытындыларын, жаңадан іске қосылған мобильді қоғамдық қабылдаулар мен «TALQYLAU» диалог алаңының жұмысымен бөлісті.
Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Осы жылдар ішінде берік, сындарлы саяси диалог орнап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар қарқынды дамып келеді. Бізді Германиядағы партия құрылысының тәжірибесі, сайлаушылармен жұмыс істеу әдістері, жалпы партиялық жүйесі қызықтырады.
Моника ИНВЕРСЕН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:
Өткен жылдың қыркүйек айында біздің Үкімет қайта жасақталып, Христиан-Демократиялық Одақ партиясы 16 жыл ішінде алғаш рет оппозицияға кетті. Бұл – белгілі бір сын-қатерлер туғызатын біз үшін аса үйреншікті емес жағдай. Дегенмен, болашақта біздің парламенттік ынтымақтастығымыз одан әрі нығайып, парламентаралық байланыстар жандана түсетініне сенеміз.
Б. Сатуов