Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Бұл профанация», - «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің төрағасы

AstanaTV
01.04.2022ж. 20:00
1180
«Бұл профанация», - «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің төрағасы

Былтыр елімізде газдандыру жобаларына 51 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Соған қарамастан, жұмыстың үштен бірі ғана атқарылған. Бұл   мәселе «АМАНАТ» партиялық бақылау комитетінің отырысында қаралды. Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов газ жеткізілген жердің өзінде тұрғындар оны пайдалана алмай отырғандығын айтты. Депутат әрбір тұтынушыға уәдені беріп, оны орындамағандарды  сынға алды.

Артур ПЛАТОНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Аудан немесе елдімекенге жүргізілген құбырларға қараңыздаршы. Теориялық тұрғыда 400, 900 мың теңге қажет. Газды қосуға ондай қаржыны тапсаңыз қуаныңыз. Бұл сомаларды халық қайдан табады? Неліктен есептелмеді? Көптеген адамдар айына 100 долларға жуық табыс табады. Бұл профанация деп аталады.  

Газ құбырын жүргізуде де  заңбұзушылықтар бар  дейді партиялықтар. Мәселен, Түркістан облысының Бәйдібек ауданында жеті ауылда көгілдір отын жоқ. Ал еліміздің шығысында елдімекен ішіне желілерді тарту үшін  қаржы әлі бөлінбеген. Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков аманаттықтарға QazaqGaz-дың ықтимал шығындары туралы ақпарат берді. Егер бұрын олар Қытайға газ жеткізуден түскен пайда есебінен жабылса, экспорттың қысқаруымен Энергетика министрлігі 60 млрд теңге шығынға ұшырайды деп болжап отыр.

Мұрат ЖҮРЕБЕКОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Біз не ұсынамыз? Тұрғындар үшін газ бағасының орташа жылдық өсімі 15%, әлеуметтік топтар – 4%-дан аспайды. Коммерциялық тұтынушылар үшін 20-30%. Егер бұл шаралар қабылданбаса, болашақта ішкі нарықты субсидиялаудың қажеті болмайды.

Т. Әлжанов