Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, бүгін қандай қызықты ақпараттармен бөліесің?
Армысыз, көрермен! Кеш жарық, Әділет! Ұлытаулық 72 жастағы қарт жаяу марафонға аттанды. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы минуттарда.
Геннадий Головкин Сауль Альварестен жеңіледі. Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов осындай пайымда. Десе де, бұл жекпе-жектің өту-өтпеуі әлі белгісіз. Головкин мен "Канело" трилогиясы тек екі былғары қолғап шеберінің алдын ала жоспарланған кездесулерінде жеңсе ғана болады. Геннадий 9 сәуірде, мексикалық боксшы 7 мамырда жұдырықтасады. Бас бапкер қазақстандық кәсіпқой боксшының жасы келді, дейді.
Қайтар СӘТЖАНОВ, БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:
Альварес жеңетін шығар. Бірінші айқаста Гена жеңді деп есептеймін. Ал екіншісінде, аздап басымдықты беріп қойды. Ал үшіншісінде жеңіледі деп ойлаймын. Жасы да келді. Ал қарсыласы жас. Бұл заңдылық.
ФИФА бірнеше елді қатарынан шығарып тастады. Олардың арасында Ресей жоқ. Бұл туралы Катарда Халықаралық футбол қауымдастығының 72-ші конгресінде айтылды. ФИФА Пәкістан, Кения және Зимбабве секілді елдердің қауымдастыққа мүшелігін уақытша тоқтатты. Бірақ Ресей ФИФА қатарында қала беретін болды. Дегенмен Ресей алдағы уақытта ФИФА және УЕФА арасындағы ешқандай турнирлерге қатыспайды. Мұндай шешім наурыз айының басында қабылданған болатын.
Ұлытаулық 72 жастағы қарт жаяу марафонға аттанды. Сәрсенбай Қотырашов ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының қызметкері және еңбек ардагері. Қария Қазақстанның кең байтақ даласын, нақтырақ айтқанда 17 облысты жаяу жүріп өтпек. Саяхат барысында қолданбалы өнер шеберлерімен кездесіп, өзге өңірлердің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстырмақ. Сондай-ақ әлеуметтік желіде елдің үздік шеберлерінің тізімін жарияланатын айтты.
Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Әділет, сөз сенде.
Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.
А. Данияр