$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Елімізде сатылып жатқан зергерлік бұйымдардың 90% сапасыз

AstanaTV
04.04.2022ж. 20:00
2000
Елімізде сатылып жатқан зергерлік бұйымдардың 90% сапасыз

Елімізде азық-түлік бағасы қымбаттады. Оның себебі әр түрлі дейді сарапшылар. Ал құзырлы министрлік бұған не айтады?   Осы және өзге де мәселелер толығырақ "экономика жаңалықтарда".  

Доллар бағамы тағы көтерілді. Қор биржасында АҚШ валютасының бағамы 473 теңгеге жетті. Еске салайық, наурыздың 15-не теңге тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, бір АҚШ доллары   512 теңге болды.  Салдарынан Ұлттық банк наурызда 990 млн АҚШ долларына валюталық интервенция жасады. Нәтижесінде теңге бағамы нығая түскен еді. Алайда көрсеткіш  қайта нашарлай бастады..

Елімізде жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар 10 процентке қымбаттады.  Қымбатшылық әсіресе, қырыққабат, пияз, қант, картоп, сәбіз және жұмыртқа бағасында байқалады. Оған не себеп? Бүгін бұл сұраққа ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді. Оның айтуынша, бағаның өсуі тұрақтандыру қорында жинақталған өнімнің аяқталуымен байланысты көрінеді.

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Егер бүкіл статистиканы қарасаңыз, маусымдық фактор бар, шынымен, бірқатар тауар бойынша жалпы инфляция 12 пайыз, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша.

Әлемдегі экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан 2 айда алтын бұйымдар бұрынғыға қарағанда 5 процентке көп сатылған. Бірақ оның бір проценті ғана -отандық өнім. Қалғаны Ресей, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігінен жеткізілген. Алтын, күмісті жарқыратып жүретіндердің 4%-і әшекейін тапсырыспен жасататын көрінеді.  Қалғаны дайынын сатып алады. Қазір әлемде алтынның бір унциясы 1900 доллар шамасында. Бұл өз кезегінде әшекейлердің қымбаттауына алып келгені анық. Өкінішке қарай, кей тұтынушы қыруар ақшаны аңдаусызда жасанды бұйымға жұмсап қоюы мүмкін. Зергерлер лигасының өкілдері отандық нарықтағы әшекейлердің 90 проценті сапасыз, тіпті денсаулыққа зиян зиян қоспасы бар өнім екенін айтады.Олқылықтың орнын толтыру үшін елімізде зергерлік бұйымдарды электронды таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылуы тиіс. Ол арқылы әр тұтынушы өнімнің тұпнұсқалығына көз жеткізеді. Тіпті сапасыз бұйымға шағым айта алады.

Б. Сатуов