Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеде 25 жұмысшы мінген автобус суға кетті

AstanaTV
05.04.2022ж. 20:00
1415
Ақтөбеде 25 жұмысшы мінген автобус суға кетті

Ақтөбеде вахталық автобус суға кетті. Абырой болғанда, ондағы  25 адам аман қалды. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар екі көлікпен үйлеріне қайтып бара жатқан.  Жолды қысқарту үшін қыс бойы өзеннің тайыз жерінен өтіп жүрген олар бұл жолы көктемгі тасқынды ескермесе керек. Судың ортасына жеткенде көліктері жүрмей қалған. Ер адамдар су толған автобустың төбесіне шығып, көмек келгенше бас сауғалады.

Құмар ТҰРМАҒАМБЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оларға Жем өзеніндегі өткел арқылы өтуге тыйым салынғанын ескерттік. Соған қарамастан, екі вахталық көлік судың үстімен өтпекші болған. Бірақ, скліктері тұрып қалған. Жұмысшылар құтқарылды, машиналары сол жерде  қалды.

Ал Алға ауданында  бір үйір жылқы құтқарылды.  Олар Елек өзенінің бойында жайылып жүрген. Су көтеріліп, өзен арнасы толған кезде жылқылар  су ортасында, жағалаудан 400 метр жерде қалып қойған.  Жылқылар әуелі моторлық қайықпен барған құтқарушылардан үркіп қаша бастапты.  Бірақ, жігіттер айғырға арқан салып, үйірімен бірге  жағаға шығарды.

Г. Сейтенова