$494.87 €520.65 ₽4.91
×

БҚО төтеншеліктер бес жүкті әйелді су басқан аумақтан арқалап шығарды

AstanaTV
05.04.2022ж. 20:00
1661
БҚО төтеншеліктер бес жүкті әйелді су басқан аумақтан арқалап шығарды

Батыс Қазақстан облысында тағы 800-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.   Өңір тұрғындары әлі қызыл сумен алысып жатыр.  

Аудандағы Қалдығайты өзені арнасынан асқандықтан, ауылды су басу қаупі төніп, төтеншеліктер аудан жолдарын жыруға мәжбүр болыпты. Осының кесірінен Қаратөбе ауданының үш елдімекенімен қатынас үзілді. Құтқарушылар 12 адамды арқалап, қауіпсіз жерге шығарған. Олардың бесеуі - жүкті әйел.

Ернұр ӨТЕГЕНОВ, БҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
 
Қаратөбе ауданы Шалғын ауылы бойынша қазір жағдай біздің тарапымыздан жабылды. Құтқару қызметтері қайтарылды. Қазір бүкіл ауыл үйлерінен су шығарылған  болатын.

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше Жағдайлар департаментінің дерегінше, қазір Тасқала ауданын су басу қаупі бар. Аудан аумағындағы Деркөл өзені күн сайын көтеріліп келеді.

Е. Карин