Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Н.Назарбаев: Қазақстан лаңкестікке жол бермейді

AstanaTV
29.06.2016ж. 20:00
6687
Н.Назарбаев: Қазақстан лаңкестікке жол бермейді

Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланды. Осыған орай Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнайы үндеу жолдады. Елбасы бұл қадамның тәуелсіздік алған 25 жыл ішіндегі ең бір маңызды тарихи оқиға екенін атап өтті. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, бүкіл әлемге өзінің лаңкестікке жол бермейтін мығым мемлекет екенін дәлелдеді, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде тағы бір маңызды тарихи оқиға болды. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелері құрамына енді. Бұл Кеңес - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган. Еліміздің оған сайлануы - Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен еңбегінің мойындалуы деген сөз. Біздің еліміз бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды жақтайтынын тәуелсіздік жылдарының бәрінде өзінің нақты істерімен дәлелдеп келеді. Оны баршаңыз білесіздер. Семей ядролық полигонын жабу және қуаты жөнінен төртінші зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімімізді бүкіл жер шары біледі және қолдайды. Бізге әлемдік қоғамдастықтың мұндай сенім көрсетуі мемлекетіміздің қарқынды дамуына және береке-бірлігімізге де байланысты. 

Құралай ПИОНЕР