Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Министрлік допинг қолданған ауыр атлеттен олимпиада сыйақысын қайтарып алуы мүмкін

AstanaTV
05.04.2022ж. 20:00
1184
Министрлік допинг қолданған ауыр атлеттен олимпиада сыйақысын қайтарып алуы мүмкін

Кезек, әдеттегідей спорт жаңалықтарында. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, бүгін қандай қызықты ақпараттармен бөліесің?

Армысыз, көрермен! Кеш жарық, Лаура! Таиландтағы бокс турниріне қатысып жатқан 7 спортшымыз жартылай финалға жолдама алды. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы минуттарда.

Допинг қолданған ауыр атлеттен Токио Олимпиадасының қола медалін тартып алуы мүмкін. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты. Ауыр атлетика федерациясы ақпан-наурыз айларында Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау жүргізгенде Игорь Сонның тыйым салынған препаратты қолданғанын анықтап еді.  Ведомство басшысы допинг қолданған спортшылар жазасыз қалмайды, деді. Айта кетейік, былтырғы олимпиаданың үшінші орын иегері мемлекет тарапынан 75000 АҚШ доллар көлемінде сыйақы алған еді.

Дәурен АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Оған берілген сыйақы бойынша біздер заңға енді-енді ғана енгіздік өзгерістер. Менің ойымша, сонда да толық айта алмаймын. Бірақ та сыйақыны қайтарып алатын шығармыз.

Таиландтағы бокс турниріне қатысып жатқан спортшылардың көрсеткіші  жоғары деңгейде. Бүгін рингте 7 қазақстандық боксшы жартылай финалдық жолдаманы  сарапқа салды. 63 келіге дейінгі салмақта бокстасқан 2 спортшымыз келесі кезеңге өтті. 69 келідегі Асланбек Шымбергенов те жеңіске жетті. 75 келіде бақ сынаған екі отандасымыздың тек біреуі жартылай финалға өтті. Ол Аятулла Тәкіжанов. 91 келіде шаршы алаңға шыққан қос қазақстандық та 1/4 айналымында қарсыластарынан басым түсті. Әзірге жарысқа қатысып жатқан 7 отандасымыз финалға өту үшін жұдырықтасады.

Мессидің артынан Криштиану Роналду да Америкаға кетуі мүмкін. "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы мансабын Америкада жалғастыратыны туралы Vesti.kz ақпараттық-спорттық порталы хабарлады. 37 жастағы аяқдопшының қазіргі футбол клубпен  келісімшарты 2023 жылы  аяқталады. Ол "Интер" клубына ауысады деген қауесет те бар. Еске салайық, осыған дейін Аргентина құрамасының шабуылшысы Месси париждіктер сапында өзін жайсыз сезініп жүргендіктен, жазда басқа командаға кетеді деп айтылған еді. Оған да ұсыныс дәл осы "Интер " клубынан түскен.

Менде бүгінге осы. Елдегі және әлемдегі спорттың басты оқиғаларын бірінші болып бізден біліңіздер. Әділет, сөз сенде.

Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.

А. Данияр