Еліміздің 8 облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, солтүстік, батыс, шығыс облыстарда найзағай, жел, тұман, көктайғақ болады. Ал, республиканың оңтүстігінде жауын жауады, күн күркірейді деп күтілуде. Сондай-ақ, синоптиктер алдағы күндері республикада 28 градусқа дейін жылиды деп болжайды.
Ә. Дүкембаева