$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түрксіб ауданындағы жағымсыз иіске тұншыққан жұрт шенділерден көмек сұрайды

AstanaTV
07.04.2022ж. 20:00
1856
Түрксіб ауданындағы жағымсыз иіске тұншыққан жұрт шенділерден көмек сұрайды

Алматыда екі қабатты ескі үйдің тұрғындары наразы. Айтуларынша, тозығы жеткен баспаналар орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Соның кесірінен жағымсыз иіске тұншығып отырмыз дейді.   Шенділерден көмек сұрайды.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Түрксіб ауданындағы СМУ көшесі орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Сондыктан жаман иіс қолқаны қабады.  Есік алдындағы кәріздік құдық үш күн сайын толып қалады дейді тұрғындар. Мәселен күні кеше тазартылған мына құдықтың суы бүгін көшелерге қарай осылай ағып жатыр.
 
Кәріздік  қалдықтармен алысқан тұрғындар   әбден мезі болдық дейді.  Қолқаны қапқан жағымсыз иістен аурудың да көбейгенін айтады.  
 
Алтын АЙТУҒАНОВА, ТҮРКСІБ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Хоть қалада тұрсақ та бізді қоспаған, ешкімге керек емес бұл жер. Тек осы септик қана акимат қазып берген. Үйстіп толып далаға ағып кетіп жатыр. Қазір күн жылып келе жатыр. Ертен шыбын-шіркей шықса мына жер сұмдық болады.
 
Бірінші қабатта тұратындардың  жайы тіпті мүшкіл. Қысы-жасы есік-терезе аша алмаймыз дейді.   
 
Надежда ЛЮБЫХ, ТҮРКСІБ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менің 3 балам бар. Үшеуі де жиі ауырады. Көп құсады. Жүректері айнып, лоқсып жүреді. Олар тұрмақ біздің өзіміз әрең шыдаймыз. Иісіне тұншығамыз. Тереземіз өмірі ашылмайды.
 
Сәуле ҚАЛИАҚПАРҚЫЗЫ, ТҮРКСІБ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына үйлер  и так апатты жағдайда. Не КСК жоқ. Сондықтан мына үйлерді не сносқа жіберсін.  Немесе орталық канализацияға қосып берсін.

 
Аудан басшылығы мәселеден хабардар. Тұрғындардың өтініші  бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатқанын айтады.

Әнуар МҰСАЕВ, ТҮРКСІБ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
 
Тұрғындардың талабы бойынша қаланың энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына өтініш тасталды. Жауабын күтудеміз. Қашан, қай кезде орындалатынын біз де білмейміз. Тиісті қаражат бөлінсе, жұмысты бастау қажет.
 
Ал басқарма мамандары қаржының жоқтығы қолбайлау болып тұр дейді.    
 
Нұрлан ӨМІРХАНОВ, АЛМАТЫ қ. ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Проектің жобасын жасау бізде тізімдердің арасында тұр. Егер бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда біз ол проектісін жобасын жасап береміз. Канализация құрылысын салып береміз. Оны мен нақты енді ертен деп ондай срок беріп айта алмаймын.   

 
Тұрғын үйдің тозығы жеткенін құзырлылар растайды.  Сондықтан алдағы уақытта баспананы бұзу мәселесі  де қаралуы мүмкін екенін айтады.
 
Ә. Лесбек