Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елорда көшелерін су басып жатыр

AstanaTV
07.04.2022ж. 20:00
1193
Елорда көшелерін су басып жатыр

Елордадағы кейбір аудан тұрғындары  еріген қар суынан зардап шегіп отыр.  Олардың  айтуынша, көше көлкіген су, қозғалыс қиындаған.   Өйткені, қыс бойы жауған қар бірде бір рет тазаланған жоқ дейді. Көпшіліктің шағымын тілшіміз Әсел Дүкембаева тыңдады.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Еліміздің батыс өңірін ғана емес, елорданың қақ ортасындағы жолдарды да су басып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, бұл жолмен қыстың күні балаларды мектепке апаратын, ал қазір адам түгілі, көлік те өте алмайды.

Бұл тұрғын үйлер екі жыл бұрын пайдалануға берілген.Бірақ, айналасына әлі  күнге дейін жол  салынбаған, абаттандырылмаған.   

Жанар РАХЫМБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Единственный магазин, сзади дома, соған өту үшін, мына жерде жүретін жер жоқ. Мына жер су, ана жер су. Қалай өтеміз айтыңыздаршы Ойбай, істейміз, істейміз деп кетті застройщиктер барлығын тастап.


Тұрғындар әкімдікке де барған. Жауаптылар  күнде "ертең істейміз" деп шығарып салады дейді.

Нұргелді ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мінекей көріп жатырсыз, жолдың қалай екенін. Жол тұрғанмен батпақ, тұрғанымен су. Мына жақта жас дұрысынан, мектепке баратын балалар, я таңертең садикке баратын балаларды осыларды шығару өте қиын.

Құрылыс компаниясының өкілі де  сол үйдің тұрғыны көрінеді. Мәселе шешілетінін айтады.  

Нариман ӘБІЛҚАСЫМОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Жұмыстың бәрін жасаймыз, кішкене жер кепкеннен кейін, топырақ себеміз. Үй жылы, су бар. Біздегі жалғыз мәселе судың толып кетуі. Екі үйдің арасындағы теңсіздікті қараңыз, біздің үй ойда тұр. Жоғарыдан  келетін су, біздің ауламызға ағады.  

Түсірілім тобы кеткен соң әкімдік тарапынан жолға топырақ төселіпті. Содан кейін қайта жоқ болды дейді тұрғындар. Ал бұл жерге жол салына ма , жоқ па, оны ешкім айтпай отыр. Қалалық жол басқармасы әкімдікке сілтейді, ал әкімдік басқармаға сілтеп отыр.

Ә. Дүкембаева