Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«AMANAT» партиясы өңірлердегі кездесулерін Түркістан облысынан басталды

AstanaTV
07.04.2022ж. 20:00
2105
«AMANAT» партиясы өңірлердегі кездесулерін Түркістан облысынан басталды

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Түркістан облысында тұрғындарымен, ауылдық округ әкімдерімен, партия активімен, мәдениет қайраткерлерімен және жастармен бірқатар кездесулер өткізіп, Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру және «Жаңа Қазақстанды» құру міндеттеріне сәйкес партияны жаңғырту мәселелерін талқылады.

Асхат Оралов бастаған «AMANAT» партиясының бір топ мүшесі бірінші Сауран ауданының орталығы Шорнақ елдімекеніне барды. Ауыл халқымен жүздесіп, олардың талап-арызын тыңдады. Сондай-ақ, Партияның атқарушы хатшысы Президенттің наурыздағы жолдауы бойынша атқарылатын бірқатар жұмыстарға тоқталды.

Асхат ОРАЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Үлкен жолдау болды. Президент біраз шешімдер қабылдады, тапсырма берді. Көптен күткен өзгерістер айтылды. Осыдан міне, оннан аса он бес шақты ауыл округтерінің әкімдері қатысып отыр. Шынайы мына "AMANAT" партиясының толық 100 пайыз мүшелері аманатқа адал болып үлкен жауапкершілікті сапалы, абыройлы іске асырсақ онда қолымыздан келеді деген ешқандай күмән болмау керек. Бірге болсақ онда "Жаңа Қазақстанды" құруға болады.

Шорнақ ауылы тұрғындарын  Б.Майлин және Қ.Досметов көшелеріндегі жолдың сапасы алаңдатады.  Жергілікті әкімнің айтуынша, бұл көшелерді жөндеу үшін бюджеттен қаражат бөлуге өтінім жолданған.  Асхат Оралов мәслихаттағы фракцияға алдағы сессияда қаражат бөлу мәселесін қарап, жөндеу жұмыстарын биыл аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге, ауыл халқы Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстанды" құру жолындағы бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Бексұлу ЖОЛДАСБЕКОВА, ШОРНАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Тоқаевтың жолдауына 100 пайыз қосыламын. Айтқан пікірлері халықтың өзім қатар әжелердің отырған жеріміз де бәрі де біздің айтқанымызды олардан да қолдауын естіп отырмыз. Шорнақ әкімін қазан айында сайлап алдық. Елде істеймін деген осындай жүрегінде оты бар, көкірегі ояу, елді соңынан ерте алатын азаматтар келешекте де сайланады деп ойлаймын.

Сейілхан АХМЕТОВ, ШОРНАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Президенттің көрегенділігімен Қасым-Жомарт Кемелұлының халық пен билікті жақындастыру мақсатында осы ауданды құрып бергеніне тек қана оңтүстік халқы ғана емес көршілеріміздің өзі қанша разы болып жатыр. Келешегіміз тәуелсіз "Жаңа Қазақстанды" аяғынан нық тұрғызатынына біздің ардагерлеріміз бен ақсақалдарымыздың сеніміміз кәміл.

Бұдан кейін партияның Атқарушы хатшысы өңірдің мәдениет қайраткерлерімен кездесіп, рухани құндылықтарды, ұлттық мәдениет пен өнерді сақтау мәселелерін талқылады. Кездесу партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынған Түркістандағы «Farab» кітапханасында өтті. Жиында сөз алған Ясауи университетінің профессоры елдің көркеюіне үлес қосып жатқан жастарға көмек көрсетуге дайын екендерін айтты.

Бекжігіт СЕРДӘЛІ, Қ.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

"AMANAT" атын ғана өзгертпей, затын да өзгертеді, шынында халықтың күткені сол. Жалпы, "AMANAT" партиясының қазіргі бағыты бізге ұнайды. Кілең жастар келіп жатыр, біздің өзіміздің облыстың партияда көп жастар қазір белсенді жұмыс істеп жатыр. Біз қуанамыз, қай кезде де орта буын, үлкендеріміз көмектесуге дайынбыз.


Осы күні Асхат Оралов Түркістан облысының партия активімен де кездесіп, «AMANAT» модернизациясының басымдықтарын талқылады. Өңірде барлық деңгейдегі мәслихаттарда 320 депутат болса, олардың 82%-ы – «AMANAT» партиясының мүшелері. Жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 4,3 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Жиында облыстық мәслихат депутаты Нұралы Әбішев аймақта өңірлік сайлауалды бағдарламаға енбеген түйінді мәселелер бар екенін алға тартып, оларды шешу үшін партия мүшелері жергілікті атқарушы органдармен, азаматтық сектормен, халықпен бірлесіп, одан әрі жоспар әзірлеуі тиіс екенін айтты. Одан соң Асхат Оралов Түркістанның жас белсенділермен кездесті. Оларды толғандыратын негізгі мәселелер талқыланды. Облысында бүгінгі таңда «AMANAT» партиясынан Жас депутаттар корпусына 35 жасқа дейінгі 55 қазақстандық кірген.

А. Данияр