Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Түркістанда сакура ағашы ағашы гүлдеді

AstanaTV
07.04.2022ж. 20:00
2573
Түркістанда сакура ағашы ағашы гүлдеді

Түркістанда сакура гүлдеді. Жапон елінің символы саналатын ерекше ағаштар   қала көшелері мен саябақтардың көркін аша түсті. Түбі бір түркі елінің рухани астанасына сакура көшеттері былтыр Германиядан әкелінген. Шаһарда ерекше күтімді қажет ететін ағаштың  300-і бар. Соның екі жүздейі Ясауи кесенесі аумағындағы ботаникалық бақта жайқалып тұр.  Мамандар сакураның Түркістан топырағына тез жерсініп кеткенін айтады.  Қалада қазір сакураның бес түрі бар. Үшеуі ақ  түсті,  үшеуі күлгін түсті гүл  ашады. Айта кетейік, Түркістанда қазір магнолия ағашы да гүл ашып жатыр.

А. Төребекқызы