Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«AMANAT» фракциясының мүшелері Ақтөбе облысындағы су басқан аймақтың тұрғындарымен кездесті

AstanaTV
07.04.2022ж. 20:00
1929
«AMANAT» фракциясының мүшелері Ақтөбе облысындағы су басқан аймақтың тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері  Аманғали Бердалин мен Ғалымжан Елеуов  Ақтөбе облысына барып, тасқын судан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Депутаттар өз аттарынан  азық-түлік, балалар тамағы, киім-кешек және дәрі-дәрмек сынды аса қажетті керек-жарақтар бойынша гуманитарлық көмек жеткізді.  Халықты сабырға шақырып,  Үкіметпен, жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, тиісті шаралар қолға алынатынын айтты.

Аманғали БЕРДАЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мақсат бір, қазір осы жергілікті атқарушы билікпенен бірігіп осының барлығын құжаттамаларын жасап, сосын сіздерге жәрдем беру.Апат айтып келмейді ғой. Сондықтан әйтеуір әр осы жерде отырған отбасыға біздер жәрдем береміз.Соны біз қадағалаймыз, жергілікті атқарушы билікпен жұмыс жасаймыз.


Депутаттар Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймаларында болып, тасқын шайып өткен  нысандарды аралап, оны қалпына келтіру мәселесін талқылады. Ресми ақпарат бойынша, өңірде   119 үйді су басқан.  300- ден астам адам  қауіпсіз жерлерге көшірілген.

Тазагүл СЕЙІТЖАНОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Директор, колективке, мектепке рахмет. Келген киім-кешек бар ма, тамақ бар ма, азық-түлік, бәрін бардай, жоғын жоқтай алдымызға қойып сыйлап жатыр. Үш күннен бері үйге кіре алмадық.Кішкене сәл судың қайтқан екен, уйге кірдік  барлық затты шығарып тастадық.Енді қазір сырос, ол үйге кіріп жататындай жағдай жоқ.


Б. Сатуов