$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды

AstanaTV
08.04.2022ж. 20:00
1451
Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды

Бюджет ақшасын жымқырды деген күдікпен Павлодар облысында жоғары шенді полицей ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ресми түрде хабарлады. Құзырлылардың мәліметінше, полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталғанын растады. Қазір  соталды тергеу жүріп жатыр.  Тергеу мүддесіне байланысты  басқа мәлімет жарияланбайды.

Ә. Дүкембаева