Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Тобыл өңіріндегі Жітіқара индустриальдық аймағын толық жүзеге асыру үшін 80 миллион теңге қажет

AstanaTV
14.04.2016ж. 20:00
1875
Тобыл өңіріндегі Жітіқара индустриальдық аймағын толық жүзеге асыру үшін 80 миллион теңге қажет

Қостанай облысындағы Жітіқара индустриальдық аймағын құруға бағытталған қомақты қаражаттың 300 миллион теңгесі игерілді. Алайда игі жобаны толыққанды жүзеге асыру үшін тағы 80 миллион теңге керек. Бұл туралы бүгін облыс басшысы Архимед Мұхамбетов  «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау барысы жайлы болған брифингте айтты.

Архимед  Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

Негізі бағыт шағын кәсіпкерлермен жұмыс жасау болып табылады бұл жерде. Бір қиындығы темір жол алыс. Темір жол тарту үшін қыруар қаражат қажет. Бүгінгі біздің есебіміз бойынша бірнеше миллиард теңге керек. Сондықтан кәсіпкерлер мен инвесторлар бұл индустриалдық аймаққа қызығушылық білдіріп отырған жоқ.

Ұлт жоспарында басымдылық берілген бағыттарды толыққанды жүзеге асыру үшін астықты аймаққа инвестиция тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақ атқамінерлері Қытай, Ресей, Иран кәсіпкерлерімен кездесіп жергілікті ауыл шаруашылық, құрылыс, автоөндіріс саласын ілгері дамытуды көздеп отыр. Ал, индустрияландыру бағдарламасы бойынша биыл Қостанайда төрт  жоба іске қосылады. Соның бірі жылына 500 мың тонна цемент шығаратын зауыт. Кәсіпорынның жобалық құны 14 миллиардтан  астам теңгені құрайды. Ал, жекешелендіруге қатысты аймақта барлығы 25 мемлекеттік нысан сатуға шығарылған. Соның 9 өтпей тұрғанын айтты. Енді оның бағасын қайта қарастырылатынын жеткізді.

Заңғар САНАЙ