$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы қаласы нысаналы трансфертті игермеген

AstanaTV
12.04.2022ж. 20:00
1642
Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы қаласы нысаналы трансфертті игермеген

15 млрд теңге. Жылдың бірінші тоқсанында министрліктер осынша бюджет қаражаттын игере алмаған. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады. Игерілмеген қаражат негізінен Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Сыртқы iстер, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктеріне тиесілі көрінеді. Сонымен қатар бөлінген қаражатты кәдеге жаратпаған өңірлер де белгілі болды. Көш басында Алматы қаласы және Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстары бар. Олар 5 млрд теңгені игермеген. Мәселен бір ғана Ақтөбе облысының әкімдігі республикалық бюджеттен бөлінген 484 миллион теңгені игере алмай отыр. Аймақтың бас қаржыгері 34 миллион теңге полицейлер мен азаматтық қызметшілердің еңбекақысын көтеруге бағытталайтындарын айтты. Ал, қалған миллиондарды  жолға жұмсамақшы.   

Нұрлыбек ӨНЕРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

450 миллион теңге – бұл Ақтөбе қаласы бойынша Батыс-2 ықшам ауданында Тәуелсіздік көшесінде автомобиль жолдарын жөндеуге, қайта жаңарту жұмыстарына қаралған қаражат. Наурыз айында ауа-райының қолайсыздығына байланысты бұл жұмыстар шамалы тұрып қалды, сол жақтан қаражат игерілмей қалды. Бірақ қазір бүкіл инертті материалдар әкелініп, ауа-райы дұрысталса, жұмыс басталып, қаражат толығымен жыл соңына дейін игеріледі.

Г. Сейтенова