Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Семей полигонына байланысты жаңа заң жобасы қабылданды

AstanaTV
13.04.2022ж. 20:00
1372
Семей полигонына байланысты жаңа заң жобасы қабылданды

Семей полигоны маңында жарамды жерлердің едәуір бөлігі пайдаланылмай отыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. Оның дерегінше полигон жабылғаннан бері бірқатар проблема анықталған. Бұрынғы Семей полигонының жері 3 облыстың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы қосалқы жерге жатады. Бұл бөгде адамдардың іс-әрекеттерін және осы аумақтарда болып жатқан оқиғаларды бақылауды қиындатады,- дейді.

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Полигонның нормативтен тыс ластанған жерлерін оңалту және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Сондай-ақ радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілмеуіне байланысты радиоактивті зақымданудың жыластауы бойынша өзекті деректер жоқ.

Түйткілдерді тізбектеген министр мәжілісмендерге "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заң жобасын қабылдауға шақырды. Құжаттың негізінде бұрынғы сынақ аумағында және оған іргелес жатқан жерлерде радиациялық, экологиялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін біз өте маңызды заң жобасын мақұлдадық. Бұл мәселе алғаш рет заңнамалық деңгейде реттелейін деп отыр. Жергілікті халық бұл мәселені көптен бері көтеріп жүр. Осы заң сол жерлерді реттеу және қалпына келтіру үшін жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде табиғаты ластанбаған экологиясы таза жерлер халықтың игілігіне беріледі.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Заң жобасына сәйкес Семей ядролық қауіпсіздік аймағында негізгі қызмет түрлерін орындау үшін уәкілетті орган Семей қауіпсіздік аймағының операторын айқындайды. Және бұл Ұлттық ядролық орталық республикалық мемлекеттік кәсіпорын болады деп жоспарланып отыр.

Б. Сатуов