$444.16 €487.29 ₽5.4

Жүргізуші куәлігінен айырылса да, рөлге отырғандар қамалды

Жүргізуші куәлігінен айырылса да, рөлге отырғандар қамалды
Фото: скриншот

Екібастұзда  құқық бұзған екі жүргізуші ұсталды

Екібастұз қаласында полиция қызметкерлері көлік басқару құқығынан сот шешімімен айырылғанына қарамастан, қайтадан рөлге отырған екі жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Astana TV. 

Қызметтік міндеттерін атқару барысында патрульдік полиция инспекторлары Mercedes-Benz және ВАЗ-2107 автокөліктерін тоқтатқан. Тексеру кезінде екі жүргізушінің де бұрын сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

– Екі құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жүргізушілер заңнамада белгіленген тәртіппен сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау камерасына қамалды, – дейді Екібастұз қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының командирі Арман Құрманғали.

Тәртіп сақшылары көлік басқару құқығынан айырылған азаматтардың қайтадан рөлге отыруы заң бұзушылық болып саналатынын және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.