9 жасар Әмір Махмет «кеудені
жерден көтеру» бойынша әлемдік рекорд орнатпақ. Жас жеткіншек аса күрделі
спорттық элементтердің бірі «планка» ұстап, балалар арасында әлемдік және
Қазақстан бойынша абсолютті рекорд орнатпақшы. Өз рекордын Әмір Махмет 2016
жылдың 23 сәуірінде Лос-Анджелесте танымал боксшы Геннадий Головкиннің Доминик
Уйэдпен өтетін жекпе-жегіне қолдау ретінде орнатуды жоспарлап отыр. Жастығына
қарамастан, Әмір Махмет КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының үш мәрте
рекордсмені. Ол 750 мәрте кеудесін жерден көтеріп, жеке рекорд орнатқан еді.
Ануар Махмет, Әмір Махметтің
әкесі:
Осыдан бір жыл бұрын планшет
алып беруді өтінген болатын. Мен оған 250 рет кеудеңді жерден көтерсең, алып
берем дедім. Ол бір аптадан кейін айтқан сөзімді орындады. Мен үшін бұл қуаныш.
Менің өзім 50 рет қана жасаймын.
Берік ХАСЕНОВ