Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

"Кибербуллинг туралы" Заң жобасы Сенатта қаралды

AstanaTV
14.04.2022ж. 20:00
1058
"Кибербуллинг туралы" Заң жобасы Сенатта қаралды

Кәмелетке толмағандардың ортасындағы зорлық-зомбылық, кемсіту, әлімжеттік, ересектер тарапынан балаға жасалынатын қарым-қатынас қаралған Заңды бүгін сенаторлар талқылады. Балаларға қатысты кибербуллинг қандай? Жұртшылықты алаңдатып отырған құжатқа сенаторлар қандай өзгерістер  енгізді? Әріптесім Бекболат Сатуов тарқатады.

Бұл Заң жобасы қоғамды қызу талқыға түсіп, жұртшылықты алаңдатып отыр. Мұны сенаторлар жақсы біледі. Құжат қабылданса балалар арасында қысым көрсету, зорлық-зомбылық заңмен қудаланбақ. Депутат Ләззат Сүлейменнің айтуынша жоба балаларды қорғау халықаралық стандарттарына сәйкес, әрі дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де ескеріле отырып әзірленген.

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Өзгерістер балаға қатысты кез келген күш көрсетуден, соның ішінде отбасылық қатынастар, білім беру, денсаулық, ақпараттық кеңістік саласындағы орынсыз әрекеттерден қорғау механизімдерін дамытуды күшейтуге жол ашады. Және балалар құқығын қорғау мәселесіне нақтылық енгізеді деп есептеп отырмыз. Сонымен қатар, мемлекет басшысы ұсынған бастамаларды іске асыруға мүмкіндік береді.


Жаңа заң жобасы бала құқықтарын реттеумен қатар, білім және ғылым минстрлігінің де құзыреттілігін кеңейтіп, жауапкершілігін де арттырмақ.

Шолпан КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Балалардың қудалауды болдырмау және оның алдын-алу, тиісті тетіктері мен нысандарын белгілеу,оның ішіндегі педагогтардың жауапкершілігі. Оның ішіндегі басқа білім берудегі қатысты адамдардың  жауапкершілігін реттеу бойынша ереже қабылданатын болады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше буллинг, кибербуллингтің салдарынан 2020 жылы 143 бала өз-өзіне қол жұмсаған. Ал 306 бала осыған әрекет жасаған. Көрсеткіш өткен жылы тіпті көбейген. 175 бала суицидтен көз жұмған. Бұл сандар сенаторлардың да жағасын ұстатты.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бір тәулік ішінде әлеуметтік желілердегі кибербуллингке қатысы бар материалдарды бұғаттайтын немесе жоюды талап ететін заң Германия, Франция АҚШ, Жаңа Зелландия сияқты дамыған мемлекеттерде қабылданған. Сондықтанда бүгінгі талқыға түсіп жатқан заң жобасындағы кәмелетке толмағандар арасында жәбірлеу көріністерін алдын-алу мақсатындағы заң нормаларын толық қолдаймын.

Бала құқығын заң тұрғысынан қорғау маңызды. Алайда баланың зорлық-зомбылыққа тап болмауы үшін отбасындағы ата-ананың жауапкершілігінде арттыру керек, - дейді психолог.

Жанар АБАДИҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:

Ең бастысы ата-анада ғой жауапкершілік. Баласының не қарап жатқанынын, қандай ортада жүргенін ең басты балаға көңіл бөлетін ата-анасы. Мұғалімдерге де, мектепке де көңіл бөлінеді. Бірақ, жалпы ата-ана жауапкершілікті көбіне өзіне алса деймін. Буллингке ұшыраған балалардың көбісі ата-атаның қарауынан мысалы тыс қалғандар.

Сенаторлар құжатқа бірнеше өзгерістер енгізді. Соның бірі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз қалауы бойынша интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге немесе тоқтатуға мүмкіндігі болмайды. Тек балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жою алады.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Балаларға қатысты кибербуллинг қандай болмақ? Сенаторлар оны мемлекеттік органға емес, арнайы құрылған сарапшылар тобына шешуді ұсынды. Қоғамды толғандырған құжатқа жаңа өзгерістерді енгізу үшін Заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

Б. Сатуов