Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақмола облысында тәрбиеші 2,5 жасар баланы балабақшаға қамап кеткен

AstanaTV
14.04.2022ж. 20:00
1668
Ақмола облысында тәрбиеші 2,5 жасар баланы балабақшаға қамап кеткен

Ақмола облысының Қосшы қаласында тәрбиеші  2 жарым жасар баланы  балабақшаға қамап кеткен.  

Садикке құлыптап тастап кеткен баланы, тәрбиешісі үйге келді таксимен. Бала бұтына жіберіп қойған, іште жатыр ғой. Осындай садик болады екен ғой, құлыптап кеткен ғой. Соншалық жауапкершілігі жоқ па?

"Болашақ" жекеменшік балабақшасының тәрбиеленушісі- 2 жастағы Мейіржанның бақшада қалып қойғаны балаларды үйге таситын шағын автобус келгенде бір-ақ анықталған. Қазір бұл жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғаған. Ал облыстық білім басқармасының ақпаратынша, балабақша меңгерушісіне қатаң сөгіс берілген, ал тәрбиеші жұмыстан шығарылған.

Әсем БАЛТАБАЕВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:

Ата-анасынан үлкен-үлкен кешірім сұраймыз, баланың қал- жағдайын білдік, баланың қал-жағдайы жақсы. Біз келгенде бала ұйықтап жатты. Ата-анасы көрді, ата-анасы көтеріп алып кетті. Тәрбиешіге балабақшадан жұмыстан босаттық және де выговор берілді.

Ә. Дүкембаева