Қарағанды
облысының Еркіндік ауылында күдікті мал қорымы табылды. Бұл туралы облыстық
ветеринария басқармасының басшысы хабарлады. Мамандардың болжамына сай, ауру
ошағы осы қорымнан тарауы мүмкін. Ауылдан 10 шақырымдай жердегі жайылымнан
табылған қорым жылдар бойы қоршаусыз тұрған, «сібір жарасын» ескертетін арнайы
белгі де болмапты.
Бұл маңда төрт түлік еркін жайылып келген. Мамандар қорым туралы ақсақалдардан сұрап білген.
Еркіндік ауылы мен Бұрма елді мекені шекарасында орналасқан қорымның нақты қай ауылдың
аумағына жататыны анықталуда. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұрын сібір жарасы
анықталған екі ошақ бар екені жайлы ақпар тараған. Жаңа табылған қорым індеттің
үшінші ошағы болуы мүмкін,- дейді мамандар.
Саят
Мусин, Қарағанды облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Кеше
сағат 7-8 уақытында жаңағы Еркіндік ауылының қасында 1 сібір жарасының күдікті
көміндісі табылып отыр. Мамандар қазіргі уақытта сынамасын алып, зертханаға
жіберіп, қорытындысы белгілі болады. Ол жерде жаңағы сібір жарасының көміндісі
ма, әлде басқа ма деген.
Облыстағы
Шет ауданының Еркіндік ауылында сібір жарасы шығып, екі адам қаза тапқан
еді. Ауылда карантин жарияланып,
тұрғындардың ары-бері қатынауына, ет-сүт өнімдерін тасымалдауына тиым салынған.
Айжан ҚУАШ