Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда арық-атыздардың 50 пайызының жағдайы сын көтермейді

AstanaTV
29.06.2016ж. 20:00
1659
Алматыда арық-атыздардың 50 пайызының жағдайы сын көтермейді

Алматыда арық-атыздардың 50 пайызының жағдайы сын көтермейді. Бұл туралы шаһар басшысының орынбасары Ерлан Әукенов айтты. Оның мәліметінше, арықтарды тексеру, түгендеу шаралары наурыз айында басталған. Бүгінге дейін 1200 шақырымы инвентаризацияланды. Оның 850 шақырымдайы жол жиегімен өтсе, қалғаны аулалар арқылы ағады. Бұған дейін мұндай сараптама 50 жыл бұрын жүргізіліпті. Ал жаңбыр суы ағатын кәріз жүйелерін түгендеу үшін арнайы сызба карта жыл соңына дейін жасалмақ.

Ерлан Әукенов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

Басты мәселе - жеке тұрғын үйлерде болып тұр. Оларды салғанда климаттық жағдайдың өзгеруі ескерілмеген. Соңғы күндері жаңбырдың айлық мөлшері жауды. Бұл табиғи жағдай. Соған қарамастан, біз барлық мәселені шешетін боламыз. Жеке учаскелердегі су басуға бейім аумақтарды тауып арықтар желісін тартамыз. 

Шенеуніктің айтуынша, болашақта жаңа нысандар салу барысында арықтар мен су құбырларының бар-жоқтығы қатаң тексеріледі. Сондай-ақ арықтар мен жауын суы ағатын кәріздерді тазалайтын қызмет орталығы құрылмақ. Сондай-ақ арыққа тұрмыстық қалдықтарды тастауды әдетке айналдырған тұрғындар үшін үш жарым мыңдай қоқыс салатын жәшіктер орнатылады. 

Айгүл ЕРМАХАН