Павлодарда мектепте өрт шығып, 5 бала зардап шекті. Оларға иіс тиген. Мамандардың айтуынша, өрт мектептің үшінші қабатындағы кітап сақтау қоймасында тұтанған. Ол кезде балалар өзге кабинеттерде сабақ өтіп жатқан. 500-ге жуық адам эвакуацияланды. Әзірге тілсіз жаудың неден шыққаны белгісіз. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.
Думан ҚЫДЫРМОЛЛАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«102» пультіне Майлайсары көшесі 3, мекен-жайы бойынша хабарлама келіп түсті. Хабарлама орына жедел әрекет пен 9 бірлік техника, 36 адам жеке құрамнан жіберілді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 479 адам эвакуацияланды.
Зардап шеккен 5 оқушы балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайы қалыпты екенін айтады. Қажетті ем-шаралар қабылдап жатыр – дейді.
Өмірзақ ҚАЙЫРГЕЛДИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Балалар ауруханасына жедел жәрдем газдан улану дерегі бойынша 5 оқушы қыз баланы жеткізді. Дәрігерлер оларға толық тексеру жасады. Уланудың жеңіл түрі. Өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ.
Ө. Қуанар