$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қандай мобильді аударымдар кәсіпкерлік табысқа жатады?

AstanaTV
15.04.2022ж. 20:00
1655
Қандай мобильді аударымдар кәсіпкерлік табысқа жатады?

Бүгіннен бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бақылауға алынбақ. Барлығы емес. Қандай аударымдар салық органдарының тізіміне ілінеді? Қайырымдылық мақсатта жасалған мобильді аударымдар кәсіпкерлік табысқа жата ма? "Экономика" топтамасында толығырақ баяндалады.

Асқар ЖАМБАКИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазіргі геосаяси ахуалды, сонымен қатар өзге де тәжірибелерімізді саралай келе өз күшімізбен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ымен жасаймыз деп шештік. Бұл платформа қазақстандық ІТ-компаниялардың күшімен жасалады. Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр.


Қазақстан ресейлік СБЕР платформасынан бас тартты. Бұл туралы бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин мәлімдеді. Оның айтуынша енді платформа отандық IT-компаниялардың көмегімен іске асырылады. Вице-министр жаңа платформаға бас-аяғы екі-үш жылда көшеміз деді.

Сбербанкте несиесі барлар енді қарызын Halyk Bank-ке төлейді. Бұл туралы Қазақстанның даму банкі хабарлады. Мәміле Қазақстан Даму Банкінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша ресімделген автокредиттердің бір бөлігін, кепілсіз кредиттердің, кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға арналған қарыздардың және ипотекалық кредиттер кіреді. Берілген кредиттер бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі 330 млрд теңге. Бұл ретте «Сбербанк» тұтынушылық қарыздарының кредиттік қоржыны 1,1 трлн теңге. Қазіргі уақытта жеке тұлғалар кредиттерінің ауысу процесі іске қосылған. Клиенттер қиындықты сезбеуде, бұл серіктес банктердің басты міндеті деді,- банк басшылығы. Сарапшы Айдар Әлібаев бұл мәселе даурығуға еш негіз жоқ дейді.

Айдар ӘЛИБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Кредиттеу шарттары бойынша өзгерістер болмайды. Пайыздар да өспейді. Комиссияның ұлғаюы немесе басқа да жағымсыз мәселелер болмайды. Азаматтарға әзірше алаңдауға негіз жоқ.

Бүгіннен бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бақылауға алынады. Үш ай ішінде жеке тұлға шотына жүзден астам адамнан қаржы аударылса,онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операциялар қатарына жатқызылады. Осылайша қаржы министрлігі салықтан жалтарғандарды анықтамақ. Сондай-ақ, қайырымдылық мақсатында жиналған қаржыларда арнайы заңды тұлға атына шот ашу арқылы жүзеге асырылу тиіс.  Егерде қандай да бір қиындыққа тап болған, апаттан үйсіз қалған, ауруға шалдыққан кісілер тізімге алынса, кейін банк өкілдеріне, салық органдарына мән-жайды түсіндіріп, кәсіпкерлік қызметтен кіріс табу емес екенін дәлелдеуіне мүмкіндік бар деді,-жауаптылар. Ал, әртүрлі онлайн курстар ашып, ақысын мобильді аударымдар арқылы жинайтын блогерлерде енді кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Жауаптылар бастапқыда ескерту жасаймыз деді. Егер жеке тұлға табысын жасырып, салықтан бас тартса шара қолданылады. Аталған бұйрықтың жеке тұлғалар мен адал салық төлеушілердің жеке аударымдарына еш қатысы жоқ.

Б. Сатуов