$529.7 €545.96 ₽5.17
×

Алматыда көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлаған 26 жастағы ер адам ұсталды

AstanaTV
15.04.2022ж. 20:00
1227
Алматыда көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлаған 26 жастағы ер адам ұсталды

Алматыда қылмысты кәсіп еткен айлакерді полиция ұстады. Күдікті көліктердің нөмірін ұрлап, оны иесіне қайта сатып пайда тапқан. Құзырлы орган мамандары айлакердің бұған дейін де екі рет істі болғанын айтады. Тергеу барысында бұл қылмысын да мойындаған.

Күдікке іліккен азамат мегаполиске осыдан бір апта бұрын келген. Күнделікті күн көрісін осылай көруді ұйғарған. Тұрғын үйлердің аулаларында көліктің нөмірлерін тонап, оны 10 мың теңгеге сатып отырған. Құйтырқы әрекетінен зардап шеккендер көп болуы да мүмкін.  Полиция Қарағанды облысының тумасын қазір қамауға алды. 26 жастағы ер адамның басқа да қылмыстарға бар жоғы тексерілуде.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Бұрын соңды 2 рет сотталған. Бір рет Қарағанды облысында, дәл осы қылмысты жасағаны үшін тағы бір рет осы Алматы қаласында.  Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша тергеліп сезікті қамауға алынды.


Ә. Лесбек