Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«AMANAT» партиясы жаңа саяси бағдарлама дайындап жатыр

AstanaTV
15.04.2022ж. 20:00
1099
«AMANAT» партиясы жаңа саяси бағдарлама дайындап жатыр

"AMANAT" партиясы уақыт талабына сай келетін жаңа саяси бағдарлама дайындап жатыр.  Ұйымның доктринасы,  сайлауалды мақсат-міндеттер  жаңғыртылады. Бұл орайда арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды. Олар   партия мүшелерінің барлық ұсынысын жинайды. Әсіресе, өңірлердегі проблемаларға баса мән беріледі. Әзірге 120 ұсыныс келіп түскен. Жаңа бағдарлама келесі айдың соңына дейін енгізіледі.  Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек бұл уақыт талабына сай жасалған қадам екенін атап өтті.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Соңғы үш жылда өзіміз көріп отырған өзгерістер түбегейлі. Оның үстіне дүниежүзі, жалпы аймағымыз үлкен геосаяси бір тұңғиықтың алдында тұр. Пандемия басымыздан өтті 2019-2020 жылдан бастап. Қайғылы қаңтар оқиғасы. Осының бәрі әрине партияның бағдарламасының түбегейлі, кешенді өзгерісіне әкеледі.

А. Съезбек