Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қытай және Орталық Азия саяси партияларының үшінші форумы өтті

AstanaTV
15.04.2022ж. 20:00
1147
Қытай және Орталық Азия саяси партияларының үшінші форумы өтті

Қытай және Орталық Азия саяси партияларының үшінші форумы өтті.  Онлайн шара Қытай мен Орталық Азия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Халықаралық бөлімінің меңгерушісі Сун Тао атап өткендей, форум мемлекетаралық қатынастарды дамытуда жаңа бет ашады. Қазақстандық "AMANAT" партиясы  ынтымақтастық аймақтағы және әлемдегі тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік беретініне сенімді.   

Ринат КЕРТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Қытай - біздің тату көршіміз, стратегиялық әріптесіміз.  Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына биыл 30 жыл болды. Осы уақыт ішінде стратегиялық әріптестіктің маңызын арттыратын   екіжақты түрлі келісімдер жасалды. 2019 жылы қыркүйекте Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемесіне қол қойылуы Қазақстан-Қытай қатынастарын одан әрі нығайтуға, өңірде және бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауға ықпал етеді.


А. Данияр