Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"AMANAT" партиясы Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

AstanaTV
15.04.2022ж. 20:00
809
"AMANAT" партиясы Оралда бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

Орал қаласында 3 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде ресми тіркеліпті. Түрлі кәсіпті меңгергенімен, екі қолға бір күрек таппағандарға "AMANAT" партиясы қол ұшын созды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырған партиялықтар бұл шараны әуелі әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихаттаған. Осылайша жұмыссыз жандарды көбірек қамтуға тырысыпты. Бұл жолғы жәрмеңкеде қырыққа тарта кәсіпорын 350-ден астам жұмыс түрін ұсынды. Ұсыныс келушілердің көңілден шықса, осы жерде-ақ келісімшарт жасалып, қызметке алынып жатты. Жәрмеңкеде жұмыс жағдайы, қойылатын талаптар және жалақы көлемі де түгел көрсетілген.

Мұрат МҰҚАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бұл жұмысты біз он күннің ішінде сараптама жасап, қанша адам, яғни, эффект қандай болды, қанша адамды жұмысқа қабылдадық, қаншама кісі өзінің шаруасын ашты, бизнесін ашты деген секілді сараптамадан кейін біз ары қарай айына бір рет осындай жұмысты жоспарлап отырмыз.


Е. Карин