$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрменің ашылуы өтті

AstanaTV
15.04.2022ж. 20:00
1383
Елордада «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрменің ашылуы өтті

Елордада «Ұлы дала тарихының  жазба мұралары» атты көрме ашылды. Шара қазақ халқының төл мәдениетіне қатысты сирек кездесетін қолжазбаларды кеңінен насихаттауды және ерте кезеңдерден бері қалыптасқан отандық жазба мәдениеттің тарихын жан-жақты көрсетуді көздейді.  30-дан астам көне қолжазба  көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шараға мәдениет және спорт министрі мен зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Дәурен АБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Бұл -төл құндылықтарымызды насихаттау жолындағы аса маңызды іс-шара. Себебі жазба мұралар тамыры терең мұраларымызды айшықтап, көпшілікке дәріптейді.Ұлт руханиятын одан әрі нығайтып, жас ұрпаққа жол ашады.


Б. Сатуов