Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Геннадий Головкин Атырауда

AstanaTV
29.06.2016ж. 20:00
1226
Геннадий Головкин Атырауда

Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегін қыркүйек айында Лондонда өткізеді. Қарсыласы кіші Юбэнкпен болуы мүмкін. Әзірге келісімшартқа қол қойылған жоқ, дегенмен алдын-ала келіссөздер жүруде. Даңқты боксшы бұл туралы Атырауда мәлімдеді.

Бірнеше тұжырым бойынша орта салмақта бокстан Әлем чемпионы Геннадий Головкин облыс басшысының шақыруымен мұнайлы аймаққа алғаш рет аяқ басты. «Астана» арнасының тілшісі Қарағандыдағы көмір байыту кәсіпорнына салған инвестициясы туралы сұрақ қойған еді. Геннадий Головкин: Елбасының «бәрін жең де, елге қайт» деген сөзінен соң, осы идея басыма келді, - дейді.  


Геннадий Головкин, әлем чемпионы:

Мен тапқан табысымды елдің  экономикасына салдым. Бұл алдымен жұмыс орны. Көмір байыту бағытын таңдаған себебім - әкем 35 жыл бойы шахтада жұмыс істеді. Яғни бұл отбасымыздың, еліміздің, тіпті өзім туған Қарғандының ажырамас бөлігі. Маған жақын сала.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ