Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қарағанды облысында лаңкестік жасауы мүмкін деген күдікпен ұсталған 5 адам екі айға түрмеге жабылды

AstanaTV
30.06.2016ж. 20:00
1825
Қарағанды облысында лаңкестік жасауы мүмкін деген күдікпен ұсталған  5 адам екі айға түрмеге жабылды

Қарағанды облысында лаңкестік шабуыл ұйымдастыруы мүмкін деген күдікпен ұсталған балқаштық 5 адам екі айға түрмеге жабылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімет таратты. Алайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсталғандар саны алтау, олар салафизм бағытын ұстанғандар деген ақпарат таратты.

Құрықтау операциясы 26 маусымда Қарағанды облысының Гүлшат ауылында өткен. Оқиға орнында бір күдікті өзін өзі жарып жіберді. Лаңкестер қолдан жасалған жарылығыш заттардың көмегімен ел аумағында теракті ұйымдастыруды көздеген. 26 мен 37 жас аралғындағы жігіттердің жарылғыш затты табу, жасау, сондай-ақ теракт жасайтын орынды белгілеу, ұйымдастыру бойынша өз міндеттері болған. Облыстық сот таратқан хабарламада олардың Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ ұйымын қолдайтыны жазылған.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ