Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елден шамамен 1 млрд АҚШ доллары заңсыз шығарылған болуы мүмкін

AstanaTV
19.04.2022ж. 20:00
1309
Елден шамамен 1 млрд АҚШ доллары заңсыз шығарылған болуы мүмкін

Қазақстаннан шамамен бір миллиард АҚШ доллары заңсыз шығарылған болуы мүмкін. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Оның сөзінше, елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару үшін қылмыстық іс қозғалған. Мәселені қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп талдадық деді,-министр. Сондай-ақ ол бас прокуратурада 20-дан астам қылмыстық істі тергеп жатқанын айтты.

Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Біз қаржы қадағалау агенттігіне 8 іс бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына жуық өзіміз заң бұзушылық деп тапқан, яғни тәуекелі бар істерді берген болатынбыз.Олар қазір тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Б. Сатуов