Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ұстаздар арасындағы тестілеу тоқтатылмайды, - А.Аймағамбетов

AstanaTV
19.04.2022ж. 20:00
1518
Ұстаздар арасындағы тестілеу тоқтатылмайды, - А.Аймағамбетов

Мұғалімдерге арналған ұлттық біліктілікті арттыру тесті тоқтатылмайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, көптің көкейіндегі сауалға нүкте қойды. Оның сөзінше, біліктілікті арттыру бойынша тестті тоқтату туралы ұсыныстар көп түскен. Алайда министр, "бәрінен де сапалы білім мен білік - маңызды",- деді. Еске салайық, Алматыда біліктілігін арттыруға келген мұғалім, сынақ кезінде көз жұмған еді. Қайғылы жағдай қоғамда қызу талқыға түсіп, көпшілік ұстаздар арасындағы сынақты алып тастауды талап еткен.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Бізге бұндай арзан пияр қажет емес. Бізге ең қажеттілігі бұл білім беру сапасы. Бізге ең басты мәселе балалардың жақсы білім алу мәселесі. Мектептің бағдарламасы бойынша тест тапсырасыз. Одан басқа бөтен сұрақтар жоқ. Сол тестті тапсыру әрине де бұл мұғалімнің өз пәнін білуін жаңағыдай дәлелдейді.


Б. Сатуов