$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылорда облысы Қазалы ауданында 2 млрд теңгеге салынған жол құрылыс бітпей жатып сыр берді

AstanaTV
19.04.2022ж. 20:00
2238
Қызылорда облысы Қазалы ауданында 2 млрд теңгеге салынған жол құрылыс бітпей жатып сыр берді

Қызылорда облысы Қазалы ауданында 2 млрд.теңгеге салынған жол құрылысы бітпей жатып, сыр берді. Тұрғындардың айтуынша, Бөзкөл және Кәукей ауылдарының арасына былтыр асфальт төселген. Алайда, тұрғындардың қуанышы ұзаққа бармапты.

Жанғали ДӘЛИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Былтыр желтоқсанда салынған. Сапасы жоқ қой жолдың. Ходовканы 2-3 айда бір жинап аламыз. Мынау ғой енді жол.

Нұрғали ИГІЛІКОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

2-3 күнде бір жүріп тұрамын. Кәдімгі былай дүңкілдек. Төмен машинаның бәрінің астын жұлып кетеді.

Жауапты мамандардың айтуынша, 26 шақырым жолдың құрылысы төрт жыл бұрын басталған. Өтпелі жөндеу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлінген.  Қазір жұмыстың 95 пайызы бітіп тұр дейді құзырлылар. Ал оның сапасының сын көтермейтінін олар да жоққа шығармайды.

Жасұлан СЫДЫҚОВ, ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Зерделеу жұмыстарын тағы жүргіздік. Қазір жолда ақаулықтар анықталып тұр. Ол мердігер мекемеге қатаң ескертілді. Сапасына техникалық қадағалаушылар тікелей жауапты. Солардың қорытындысы, олардың да зертханалық орталығы, олар тарапынан да сынама алынады. Сондықтан да екі жақты сынама қорытындысымен біз оны қабылдайтын боламыз.

М. Тоқтасынқызы