$498.34 €519.72 ₽4.85
×

VI сессия өз жұмысын аяқтады

AstanaTV
30.06.2016ж. 20:00
2110
VI сессия өз жұмысын аяқтады

Депутаттар каникулға кетті. Алтыншы шақырылым депутаттары бірінші сессияны аяқтап, жазғы демалысқа шықты. Бүгін Парламент палаталары бірлескен отырыста сәуір айынан бері тындырған өз жұмыстарын қорытындылады.

Осы аралықта Парламент қарауына 42 заң жобасы түскен. 18-і өткен шақырылымнан қалған. 24-і жаңа заң. Мәжіліс 13 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жөнелтті. Оның төртеуіне Президент қол қойды. Бірінші сессия барысында Үкіметке 115 сауал жолданды. Екінші сессияда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Палата спикері заң шығарушы органның жұмысы барынша ашық болады деді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Қәзіргі әлемдік дағдарыс жағдайында алдымызда тұрған ең үлкен міндеттің бірі - ол Президенттің 5 реформасын іске асыру және 100 нақты қадам ұлт жоспарын одан әрі сапалы заңдармен қатмтамасыз ету. Осы жолда Парламент жұмысының ашық болуына ерекше назар бөлінеді. Себебі біз үшін қоғамдық пікірдің және қоғамдық ұсыныстардың орны да ерекше, маңызы да өте зор.

Үш ай бұрын жасақталған төменгі палатаның қатары 60 пайызға жаңарғаны есте. Енді депутаттар халықпен кездесу үшін өңірлерді аралайды. Қыркүйекте барлығы Парламентке қайта оралуы тиіс. Демалысқа қатысты жоспарлары әрқилы. Көпшілігі шет елде емес, елде тынығамыз дейді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Будем отдыхать в Казахстане. Есть у меня творческие определенные планы. Кое-что хотелось бы пописать в этот период.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ